26 Зұлхижжа 1447 х. · 12 маусым 2026 ж.

Ұлытау облыстық
«Ахмет Ишан Оразайұлы» мешіті

Жезқазған қаласында бой көтерген. 1992 жылдары қазіргі «Қазақмыс» корпорациясына басшылық еткен Т.Ұрымов мырза мешіт салдыруға қаражат бөлдірді. «Жезқазғантрест» мекемесі құрылысын жүргізген. Жезқазған қалалық әкімшілігінің «Жер бөлу бөлімі» мекемесінің басты жобалаушылары құрылыс жұмысының жобалық сметасын дайындады, сөйтіп мешіт 1992 жылдың 7 шілдесінде пайдалануға берілген.

Алла үйі 500 адамға арналған, бір қабатты, төрт бұрышына күмбезді баған тұрғызылып, әр күмбезінің басына ай орнатылған.

Сырты қазіргі заманауи ашық қызғылт түсті ұлутас плиталармен қапталған. Кіре беріс беті айшықты өрнекті плиталармен безендірілген. Ғимараттың аумағы 24×18, биіктігі 6, күмбезі 5 метр. Жанында биіктігі 17 метрлік мұнара. Күмбезінің астына «Ықылас» сүресі жазылған.

Ауласында ыстық және суық сумен жабдықталған екі бөлмелі ғимарат бар.

1991 жылы аймақ халқынан түскен қаржыға мешіт қызметкерлеріне арналған ғимарат салынды. Онда неке залы, бас имам, наиб имам, Құран оқитын бөлме, есепші бөлмесі, дәліз, кіре беріс бөлмелері қарастырылған. Асханасы бар.

1992 Ашылған жыл
500 Орын сыйымдылығы
17 м Мұнара биіктігі
24×18 Ғимарат аумағы
Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы

Жансарин Бейбіт
Бақытжанұлы

Ұлытау облысының бас имамы

1992 жылдың 12 қыркүйегінде Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Үйленген, 2 баласы бар.

Білімі

  • 1999–2008 Сәтбаев қ., «Сәкен Сейфуллин» атындағы гимназия — орта білім
  • 2008–2011 Қарағанды қ., МГТУ колледжі — қаржыгер мамандығы
  • 2011–2013 Қарағанды қ., ОҚА университеті — аудит және бизнес мамандығы
  • 2013–2017 Алматы қ., «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениет университеті — тәпсір және хадис мамандығы

Еңбек жолы

  • 2017–2019 Қарағанды облысы — «Конфессия зерттеу және талдау орталығы» оңалту бөлімінің инспекторы
  • 2019–2022 Қарағанды қ. — «Әл-Машани» мешітінде наиб имам
  • 2022–2023 Теміртау қ. — «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінің бас имамы
  • 2023–2024 Сәтбаев қ. — «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы
  • 2024 — қазір Ұлытау облысы — «Ахмет ишан Оразайұлы» облыстық орталық мешітінің бас имамы

Жауапты мамандар

Барлығы 15 маман · кейбір мамандар бірнеше бөлімді басқарады

Такеев Еркебұлан

  • Шариғат және пәтуа бөлімі

Шалқар Құрбанбек

  • Уағыз насихат бөлімі

Ораз Бауыржан

  • Ақпарат бөлімі
  • Цифрлық даму
  • Мұнара ТВ

Абжаппар Махмут

  • Діни оңалту
  • Діни сараптама бөлімі

Жүрсінов Азамат

  • Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімі
  • Дін істері және талдау бөлімі
  • Стратегиялық талдау және даму бөлімі
  • Мешіт істері бөлімі
  • Құжаттамалық қамтамасыз ету

Ахмедиянов Сағындық

  • Дін мен дәстүр бөлімі
  • Зекет қоры

Қангелді Бауыржан

  • Жастар ісі секторы

Лазем Райхан

  • Әйелдер секторы

Ауғанбай Нұрлайхан

  • Діни білім және кадр дайындау бөлімі

Азберганов Нұрсұлтан

  • Қажылық бөлімі
  • Халал даму
  • Тауаф турфирмасы
  • Дархан Дала отандық туризм

Бижанов Рауан

  • Іс басқарушы

Қожабаева Назымжан

  • Есеп бөлімі

Сейдахметов Абылай

  • Муфтият баспасы
  • Иман журналы
  • Мұнара газеті

Омаров Жандос

  • Уақып қоры

Сыздықов Қанат

  • Қамқор шарапат