Сәтбаев қалалық "Балмағамбет Балқыбайұлы" мешітінің әйел-қыздар секторы Маруа Құлұшева атындағы "Балаларды қолдау орталығында" қайырымдылық іс-шара өткізді.
Мекеме басшылығымен келісе отырып жасалған іс-шарада қалалық әйел-қыздар секторының жауапты маманы Айдана Нарболатқызы бастаған әйелдер қауымы 69 бүлдіршінге "Рамазан тәттісін" таратты.