Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ұлытау облысы өкілдігінде арулар марапатталды.

Рухани кешке ұйытқы болған Ұлытау облысы бойынша "әйел-қыздар секторы" облыстық "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінде тәлім алған 50-ге тарта шәкірттің басын қосты. Мешіт қабырғасында діни сауат ашып, Құран және тәжуид ілімдерін үйренген әр аруға арнайы сертификат табыстап, тәж кигізді. Алла баршамыздың ілімімізді арттырсын!