Ұлытау облысы бас имамы Қаражал қалалық "Нұр" мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.

"Нұр" мешітінің имамы Талғат Дүйсенбайұлы мешіт аумағында жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырды. Жамағат жиылған соң Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жұма уағызын жүргізді. “Үлкенге -құрмет, кішіге - ізет” тақырыбында өткен жұма уағызы қазіргі таңдағы көптеген қоғамдық мәселелерді қамтыды. “Нұр” мешітінің имамы құрметті қонаққа сый көрсетіп, жамағат алдында шапан жапты. Жұма намазынан соң мешіт ақсақалдары бата беріп шығарып салды.