Ұлытау облыстық "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітіне көмек сұрап келген көпбалалы анаға жәрдем берілді.

Көпбалалы ананың 3 жасар Ислам атты ұлына эпилепсия диагнозы қойылған. Шұғыл ота жасау үшін 750 мың теңге қаражат қажет болды. Бірлігі жарасқан мешіт жамағаты 2 күннің ішінде қажетті 800 мың теңге қаражат жинап берді. "Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көрерсің" демекші, осы жылуға атсалысқан әр жамағатқа Исламның анасы шексіз алғысын білдірді. Бірлігіміз ажырамасын! Сәбилеріміз ауырмасын!