Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай облыс көлемінде ұйымдастырылған "Бүкілқазақстандық ағаш егу күні" іс-шарасына Бейбіт Бақытжанұлы бастаған Ұлытау облыстық "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінің ұжымы да белсене қатысты.

Облыс әкімі арнайы қатысқан іс-шарада ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен діни бірлестіктер өкілдері де бірлесіп, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлесін қосты.

Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет - әрбір азаматтың парызы. Осы орайда Ұлытау облыстық "Ахмет ишан Оразайұлы" мешіт ұжымы өңір тұрғындарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және жасыл желекті көбейту ісіне белсенді түрде атсалысуға шақырады.