ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы бірнеше айтулы іс-шараларға қатысты.

Іссапар барысында «№62 түзету мекемесінде» үгіт-насихат жүргізді. Келелі мәселелер бойынша біршама тақырып қозғап, топтық және жекелеген кездесулер жүргізді. Кейінірек Ғазиз Омаров атындағы Жезқазған шахта проходкалау трестінің еңбек ұжымымен кездесу өтіп, "Асыл дін мен ата салт: үйлесімді өмір негізі" тақырыбында насихат қылды.

Іссапар соңында Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешіті асханасында жергілікті жамағатпен шәй-уағыз ұйымдастырылып, "Халқыңның діліне де, дініне де адал бол!" тақырыбында тамаша уағыз айтылды.