Ұлытау облысы, Жезқазған қалалық "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағдарлы бес бағытының бірі. Қайырымды істердің көш басында тұрғаны, сөзсіз, "Мектепке жол" акциясы. Бұл іс-шара барысында 300 балаға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табысталды. Қайырымдылық шарасына қатысқан бас имам Бейбіт Бақытжанұлы ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте табысты болуын тіледі. Шарапаты мол сауапты шара аясында көмек алған балаларының жүзіндегі қуанышты көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.