Ұлытау облыстық "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінде “Оразаң қабыл болсын ұстаған жан” атты қорытынды ауызашар кеші ұйымдастырылды. Рухани кешке өңір жамағаты қатысып, қасиетті айдың соңғы ауызашарын бірге өткізді.

Іс-шара барысында дәстүрлі жарапазан айтылып, жамағат арасында викториналық сұрақтар ойнатылды. Сонымен қатар, Ұлытау облысының бас имамы 2025 жылы өңір көлемінде атқарылған діни-ағартушылық жұмыстардың есебін таныстырды.

Кештің маңызды сәттерінің бірі – тарауық намазында Құранды толық хатым еткен қариларға көрсетілген құрмет болды. Оларға 1 миллион теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, “Ел үлесі – пәтерге” қайырымдылық жобасы аясында Абдуррахман қариға 907-баспана кілті салтанатты түрде табысталды.

Рухани кештің қорытындысында келген жамағат арасынан бір адамға умра қажылығына жолдама тарту етілді.