Ұлытау облысы өкілдігіне қарасты Қаражал қалалық «Нұр» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Адам үшін ең маңызды болған парыздың бірі - білім алу. Білімді адам өзінің болашағын ғана емес, ұрпағының, елінің болашағын кемел етіп құруға қауһарлы. Осы парызды атқаруға аз да болса үлесіміз болсын деп Қаражал қалалық мешіті атынан “ Білімді ұрпақ - болашақ кепілі” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, жанашыр жамағатымыздың атсалысуымен 13 оқушыға оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер табысталды. Үлес қосқан азаматтарға Алла разы болсын!