Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты қарттар үйін зиярат қылды.

Іс-шара қасиетті Рамазан айы құрметіне орай ұйымдастырылды. Сәтбаев қалалық "Балмағамбет Балқыбайұлы" мешітінің әйел-қыздар ұстазы Айдана Нарболатқызы бастаған әйелдер жамағаты мекемедегі қарттардың көңілін сұрап, жағдайымен танысты. Қайырымдылық кеште ұлттық аспаптарымызбен күй күмбірлеп, қарияларымыздың көңіл-күйін бір серпілтті.