Бүгінгі жұма уағызын ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Құрсақов Медет Құрмашұлы жүргізді.
Жұма намазына жиналған жамағат "Исламның тірегі болған төрт хадис" тақырыбында насихат тыңдап, ғибрат алды. Медет Құрмашұлы: "Қасиетті Құраннан кейін екінші шариғат негізі - Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадистері. Алла Елшісі қасиетті Құранды адамдарға жеткізуші ғана емес, оның терең сырлы аяттарын сөзі және ісі арқылы түсіндіріп, баяндаушы" - деді. Жұма соңында ақсақалдар бата беріп, ұстазға алғысын айтты.