Сәтбаев қалалық "Балмағамбет Балқыбайұлы" мешітінде ҚМДБ Алматы облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, исламтанушы, психолог Жаналиева Назерке Әкішқызының қатысуымен "Тәубе - үміттің есігін ашқан кілт" танымдық семинары өтті.

Семинар барысында тәубенің мәні мен мұсылманның өміріндегі маңызы, рухани тазару мен өз-өзін тәрбиелеудің жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ішкі тыныштыққа жету, үміт пен сенімді сақтау туралы маңызды кеңестер берілді.

Іс-шараға қатысқан әйел жамағат рухани әсер алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Шараның мақсаты – әйелдердің діни сауаттылығын арттыру, имандылыққа үндеу және қоғамда рухани құндылықтарды насихаттау болды.