Сәтбаев қалалық "Балмағамбет Балқыбайұлы" мешітінде өткен семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы жүргізді.

"Алла Тағала Құранда "Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр" - деген бұйрығына сай даналықпен амал қылу керек. Әр сөздің айтылу керек тұсы болады. Сөзіңіз тұшымды болу үшін дәстүрдің құндылығын да дұрыс түрде насихаттай білген жөн" - дей келе, Нұралы ұстаз өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға облыс бойынша барлық имам офлайн-онлайн түрде қатысты.