Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы әр жұма күні құптан намазынан 30 минут алдын облыстық "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінде дәріс беруде.

Дәрісте өтілетін еңбек - имам әл-Бухаридің әйгілі кітабы "Әдәбул муфрод". Бұл дәрісте жамағатқа Пайғамбарымыздың [Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын] әдепке, адамгершілікке, қарым-қатынасқа үйреткен хадистері түсіндіріледі.

Дәріске қатысып, тағылым болар Пайғамбар өнегесімен бірге танысайық!