Сәтбаев қалалық "Сәдуақас Ошақұлы" мешітіне көмек сұрап келген кісіге жәрдем берілді.

Қаламқас әпкеміздің диагнозына байланысты шұғыл ота жасау үшін 200 мың теңге қажеттілігі туындаған еді. Жанашырлық танытқан мешіт жамағаты 1 күннің ішінде қажетті қаражатты жинап берді. "Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көрерсің" демекші, осы жылуға атсалысқан әр жамағатқа Қаламқас әпкеміз шексіз алғысын білдірді.