Бұл еңбек - Ислам әлеміне кең тараған "ән-Нәуәуидің қырық хадисі" атты еңбегі. Аталмыш кітаптағы хадистің әрқайсысы сахих және басым көпшілігі имам әл-Бухари мен Муслимнің "Сахих" атты кітаптарында берілген. Әрбір мұсылман бұл хадистердегі маңызды мәселелер мен діни міндеттердің барлығын білуі қажет.
Еңбек авторы Имам ән-Нәуәуи (Алла ол кісіні рақымына алсын) (һ631-676) беделді ислам ғалымдарының бірі болған.
Аталмыш кітаптан дәріс өтуші ұстаз:
"Балмағамбет Балқыбайұлы" мешітінің ұстазы Ораз Бауыржан Амангелдіұлы.
