Ұлытау облысы өкілдігіне қарасты Жаңаарқа аудандық "Халық" мешітінде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті.
Бұл қайырымдылық іс-шарасы Жаңаарқа аудандық "Халық" мешіті мен "Ар-Райан" қайырымдылық қорының бірлесе ұйымдастырылуымен өтті. 60 балаға мектеп сөмкесімен қатар оқу-құралдары және киім-кешектер таратылды. "Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көресің" демекші, барша ат салысқан жандарға ризашылығымызды білдіреміз!